Пора-порасы шықты

lat: Pora-porasy shyqty.

а) Ағыл-тегіл жылады.

Әжем қысылып жатыр, деп түндегі бала тағы пора-порасы шығыпжылап келіп тұр

(С.Досымов, Жанғырық).

ә) Қара терге түсті, тер шүмектеді.

Бал араласқан ыстық, сүт терлемеске койсын ба, пора-порасы шықты (Н.Серәлиев, Зеңгір.).