Пошта жәшігі

lat: Poshta jáshigi.

а) Әр үйдің жанында хат-хабар, гзет-журналдар салуға арналған кішкентай қорапша, жәшік.

ә) инф. <ағыл. mailbox> Белгілі бір компьютер тұтынушысына электрондық пошта арқылы келген мәліметтер сақталатын компьютер жадының бөлігі.

ә) Компьютерге сырттан келіп түскен мәліметтер сақталатын файл.

Кейбір электрондық пошта программалары поштажәшігін бірнеше бумаларға бөліп қояды, мыс, іс қағаздары бумасы, жеке адамға белгілі бір проблема туралы келген мәліметтер бумасы және т.б. (Қаз. тілі термин. Информатика.).