lat: Psıholog
зат. 1. Психология маманы.
Психологтар мен медицина мамандары таңертеңгі ақыл-ой еңбегі ең жемісті еңбек болады деп есептейді («Қазақст. мект.»).
2. Адамның көңіл күйін, жан дүниесін танығыш, жетік білетін адам.
Ол адамның ішкі сезімін бет құбылысынан ұғатын психолог адам еді (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).
Мамандығың болмағанымен де, өмірде психологболмасаң болмайды (Т.Жанкелдин, Сын сағат.).