ҚАУЫМ

lat: QAÝYM

зат. 1 . Белгілі бір ерекшеліктері бойынша ұйымдасқан әлеуметтік топ .

Жолдас командир,

Қабылда мені қауымға ?

Құлағым үйір, құлқым да үйір дабылға (3,24).

Әйел қауымының меншігіне тиген тіршіліктерін өзара бөліспей-ақ, кез келгені атқарып жүре беретін (4,145).

2 . Ел, жұрт, көпшілік .

Ұят болды-ау қауымнан !

Ұят болды-ау,

Ұят болды-ау,

Ұят болды-ау бауырлар! (2,148).

Ақжарқын қауым ,

Бірінің қамын бірі ойлап,

Жараңдар,

Неткен ынтымақты еді бұл аймақ! (3,195).