lat: QAǴAZ
зат. 1. Жазу жазуға, сурет салуға, бір нәрсені орауға арналған, негізінен ақ түсті жұқа материал.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгемін! (3,236).
Әлгінде ғана әжей қағазға орап берген бір жапырақ нан мен бір тілім шұжық жол бойында қала берді (4,116).
2. ауыс. Жазу жазылған дәптер, кітап, құжат сияқты заттар.
Қараңғы түнді жамыла,
Қағазға қарап жалыға,
Бақытты түннен үтемін,
Алдағы өмір таңына (1,43).
Қағаздарын ықтияттап қойып, орнынан тұрды (4,140).