lat: QADİRLİ
сын. 1. Құрметті, сыйлы, беделді (адам).
Қадірлі аға, қайырымды жан ғой Ібекең,
Күнекең болса, еркелеп жүрген іні екен.
Апыр-ау деймін, алайда осы қуаныштың
Әдеби тілмен, авторы нағыз кім екен?! (1,295).
Қадірлі дос!
Қайтесің, ренжіме,
Айтпай-ақ қой,
Халіңді білем, білем! (2,94).
2. Қасиетті, құнды, бағалы (жер).
Қасиеттеп, қадірлі жерімізді,
Қалдырайық, басайық мөрімізді (1,137).