ҚАЙДА /293/

lat: QAIDA /293/

есім. 1. Бір нәрсені білу үшін қойылатын сұрау есімдігі.

Қайдасың, Қайдасың , менің ерке жан серігім?

Жабырқау жандырсаңшы жан сенімін.

Қайдасың , тәтті қиыл ой шумағы,

Бассаңшы қасіретін жан шерінің! (1,78).

Ат қайда , жайлау қайда , ауыл қайда ?

Тауларым сол баяғы тауымдай ма?

Үй іргесі шалғыннан үрке қашқан,

Киіктің лақтары табылмай ма? (2,77).

2. Еш нәрсе шықпайды, мүмкін емес д.м .

Тарынбаңыз, апай, өткенге өкінгенмен орнына оралу қайда (4,231).