ҚАЙТА

lat: QAITA /132/

үст. 1. Қайтадан, тағы да, қайыра.

Ашынам, қайта басылам,

Басылам дағы тасынам.

Адамдықтарын алтынмен,

Өлшегендерге ашынам! (3,49).

Аңдамай кейде басамыз дағы кердеңдеп,

Құлап жатамыз, аяқ-қолымыз ербеңдеп.

Сүрініп алып, есіміз қайта келгенде,

Жоғалған сәтті іздейміз тағы жерден кеп (3,209).

2. Керісінше, мүлде, қарама-қарсы.

Өз ана тілінен бөлек, басқа бір тілді жақсы білу,

ана тілін ұмыттырмаса керек;

қайта ана тіліңді тереңірек,

толығырақмеңгеруге үйретеді (4,89).