ҚАЙТАЛА

lat: QAITALA /31/

ет. 1. Бір айтқанын қайтадан (тағы да) айту.

Белгілі бәрі де, Тарихтан белгілі,

Мен оны қайталап жатпаймын.

Мақтаймын туымды, гербімді,

Отаным Қазақстанды мақтаймын! (1,314).

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын (2,124).

2. Белгілі бір іс-әрекетті екінші рет істеу.

Анамды өкпелетпе, байқа, бала,

Екінші мұндай істі қайталама! (1,139).

Болашақ солдат оны байқамады,

Қыз қылығын тағы да қайталады...

Жасыма, махаббатың қайтар әлі,

Оның да сен боларсың айтар әні (3,103).