ҚАЙЫҢ

lat: QAIYŃ

зат. Ақ (қызыл) қабықты, жүрекше жапырақты әдемі ағаш.

Көктем де келер,

От ойнар әлі аспанда.

Көгерер әлі,Кәрі емен,

қайың, жас тал да.

Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,

Аспанда апат зарядтар жағаласқанда (2,88).

Жапырақ жүрек жас қайың!

Жанымызды айырбастайық?

Адам боп жүрсең қасқайып,

Қайың боп тұрсам қасқайып,

Тәуекел, айырбастайық! (3,95).

// сын. Қайыңнан жасалған, мықты.

Қайран ерлік!

Жарасқан жас адамға,

(Шынымен қалар ма екем босағаңда?!)

Жас әкеме жас жұрты қараушы еді,

Қайың құрық салғанда қашағанға (2,12).