lat: QAIYRLY: Qaıyrly tań [tún] .
Таң (түн) қайырымды (жанға жайлы) болсын д.м.
тілек сөз; сәлемдесу жоралғысы.
Қайырлы таң,
әзілдері жарасқан
Сәби жанды ұл-қызым!
Бәрісі де дін аман,
Бір адам жоқ жылаған,
Сәби де жоқ
таң алдында қыңқылдап,
Бір үзім нан сұраған (2,8).
Қайырлы түн!
Жер-Анам,
Көк аспанды жамыл да,
Таңғадейін дін аман,
Тәтті ұйқыда дамылда (1,295).