ҚАЛА

lat: QALA

ет. Құрылыстың қабырғасын кірпішпен, таспен өріп шығу, көтеру.

Егін салдым,

Мал бақтым,

Тас қаладым ,

Бағынам да,

Жұртты да басқарамын.

Жалығам да,

Жабырқап пәс қаламын,

Жырды бірақ,

Жырды мен тастамадым,

Жырдан бөлек қалмады басқа амалым (2,294).

Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,

Бірақ, балам, мынаны естен тастама:

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,

Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара! (3,9).