ҚАЛАЙ /221/

lat: QALAI /221/

есім. Бір нәрсені анықтау үшін қойылатын сұрақ.

Жан едік жалын, от кеуде,

Хал қалай, жеңге, хал қалай?

Сенен де жастық кеткен бе?

О, дариға, жалған-ай! (3,174).

Қалай сені жұбатам, аңыра, Ана,

Сау қайт деп тәңіріңе жалын, Ана.

Мына отырған иеміз құласа егер,

Саған жар, әке бізге табыла ма?! (2,6).