lat: QALPAQ
зат. Ерлердің күмбез пішінді, төрт қырлы, етегі қайырылып келетін, ақ киізден тігілген бас киімі .
Ұйықтасам, түсіме ылғи тау кіреді,
Тау жайлап, тау қыстаған, шал жүреді.
Басында ақ қалпағы , жүннен шекпен,
Астында балпаң басқан сал күреңі (3,108).
Бағанадан үнсіз отырған үшеудің бірі – найза сақал, арықтау келген сары шал қалпағын оң қолына мыжып ұстаған қалпымен, бастыққа қарап, зілмен сөйледі (4,175).