ҚАМҚА

lat: QAMQA

зат. Зерлі жіппен тоқылған қымбат бағалы жібек мата.

Бұл жерде ақын «бағалы», «қымбат» д.м.-да қолданып отыр .

Ақ Есіл ақ отауым, алқа көлім,

Қайың бақ, ойдым орман, қамқа жерім.

Ақынның аманат бір жырындай-ақ,

Аңсаймын да тұрамын Арқа желін (3,19).

Жоқ саған бес бересім, алты аласым,

Ағылтып ат жалынан мал табасың.

Бір өзің. Бір өзіңнің қамқа басың.

Күніңді көре бергін жанталасып,

Қолтықтасып, кімдермен арқаласып (3,149).