lat: QANDAI / 164 /
есім. 1 . Бір нәрсені білу үшін қолданылатын сұрау есімдігі.
Опасыздар өлтірсін-ақ, мейлі, кімді қандайды ,
Рухы оның ешқашан да мәңгі өліп қалмайды.
Көрінбейді, Жер үстінде рух болып самғайды,
Сыбырлайды, ескертеді, кеңестерін арнайды (3,303).
Қандай сый тартсам екен, аға, саған,
(Білмеймін, жараспай ма, жараса ма?).
Ешбір сый таба алмасам, аға саған
Аппақ тонын – атамның тәбәрігін,
Жүзге кел деп арқаңа жаба салам (1,210).
2 . Ерекше ризалықты білдіретін, «керемет», «тамаша» д.м.-дағы сөз.
Адамдардың мінезі аян маған .
Қандай бақыт! Солардың арасында,
Жетер жерге жеткенше аяңдаған (1,228).
Қандай рақат!
Жүрейік, достар, күнде өстіп.
Ренжу деген,
Ренжу деген – білместік.
Бауырларым-ау!
Бәріміз қиын күн кештік (3,82).