ҚАНША /43/

lat: QANSHA /43/

есім. 1. Бір нірсенің санын білу үшін қолданылатын сұрау есімдігі .

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

Жетім көлге қараудан шаршамаған? (2,171).

Аңса, жаным,

Зарығып шарша, жаным,

Қалса да қанша ғұмыр, қанша амалың.

Аңса, жаным! (3,15)

2. Қаншама, қаншалықты .

Әжей төртбұрышты көгілдір қағазды қанша аударып қарағанымен, түгіне түсіне алмады (4,163).

Көңілім болса дағы қанша жарым,

Солармен білінбейді шаршағаным.

Жақсыдан жайлап ескен жан самалын,

Жабықпай аңса, жаным, Аңса, жаным! (3,15).

3. Көп, мол, жеткілікті .

Мойнымда әлі әкенің қарызы қайтпады.

Қарыз демей-ақ, қамқоршым болған дос қанша,

Қайтарар едім, қайтейін, мені байытпады (2,22).

Егер олар мінбелерден толғанса,

Қысқарады қиын өткел, жол қанша.

Бұл өмірде алынбайтын жоқ қамал,

Егер олар байлам жасап, қолға алса! (2,287).