ҚАНШАЛЫҚ

lat: QANSHALYQ

есім. Қаншалықты, қаншама .

Терезеге қарайды да тамсанып,

Мұңая ма, қуана ма ән салып?!

Жібір емес терезеге қатқан мұз,

Жылуымен жылытса да қаншалық (2,372).

Қайраттанғанмен,

Айбаттанғанмен қаншалық,

Отырар еді,

Күрсініп, кейде тамсанып.

Жуық арада қайнай қоймайтын жез шәугім,

Телміртіп бізді

Сызылтып сұрқай ән салып (3,278).