lat: QARAÝYL
зат. 1 . Бір нәрсені (елді, жерді, қойманы т.б.) күзетуші, қорғаушы .
Тобыл, Шу, Сыр мен Іле, Нұраға бар,
Арнасында наласы жылап ағар,
Қандай жаудың болса да қарауылы –
Қазақ байғұс қалқайып тұра қалар (2,118).
2 . Мылтықпен, садақпен көздеп ататын нысан .
Күні-түні жүргенім қарауылдап,
Міне, уақыт күнімді барады ұрлап.
Жеткізбестен базарға бір қарақшы,
Жайратпаса болғаны қарауылға ап (1,205).
Сайраңдаймын сайларда, қырды асамын,
Сыңсыған ну орманмен сырласамын.
Қарауылға іліксем, ілігейін,
Құзғынға ұқсап келмейді мың жасағым (3,106).