ҚАРАҢҒЫ

lat: QARAŃǴY

сын. 1. Еш нәрсе көрінбейтін қара түнек (түн).

Қараңғыда жол таппай тентігесін,

Қайдағыны ойыңа келтіресің,

Қарағым-ау, қасқа жол қайда қалды,

Қайда апарып ағаңды өлтіресің? (3,8).

Жұлдызсыз да, саңлаусыз да қараңғыда жаңағы,

Шыңғырулар, біреу әзер ақтық демін алады.

Әуелгіде көзім жасы мені буып барады.

2 . ауыс. Оқымаған, сауатсыз .

Әне бір елес бір кезде алмақ боп асыл қашырды,

Өлген Буозо орнына жатқызып өзін жасырды,

Өсиет айтты өтірік, қараңғы қауым бас ұрды 5,142).