ҚАРАҢҒЫЛЫҚ

lat: QARAŃǴYLYQ

зат. Қараңғы болғандық, түнектік .

Ай да батты, ақырғы иек қақты,

Рас түн қараңғылық енді жапты.

Қос Шибұттың не болды өзеніне?

Дамылсыз зар еңіреп жылап жатты (1,23).

Өмір келте, ұзақ түн қараңғылық ,

Тұрған сәтте кеудемнен жан ұшқалы.

Музыканың бар сырын ақтарған-ды,

Оны білмей өлуім жаман қылық (4,33).