ҚАРАҒАШ

lat: QARAǴASH

зат. бот. Қуаңшылыққа төзімді, биік болып өсетін, қабығы қара сұр ағаш .

Тоңбау үшін ақ қарда,

Тон киеді ақпанда.

Қарайды кеп қарағаш

Қайың сырға таққанға (3,288). 

Емен, терек еркімен қауышады,

Қайың менен қарағаш танысады.

Алатаудан басталған ақ бұлақтар,

Алматыға жеткенше жарысады (3,80).