lat: QARAI
ет . 1 . Түсі қара тарту, күңгірттену .
Жаңа туған жарық ай!
Қараясың сен неге?
Жүдеп кеттің, жаным-ай!
Сарғаясың сен неге? (1,51).
Қарайып кешегі аппақ маңдайлары,
Аңызақта қаңситын таңдайлары.
Көздерінде тұратын Күндерімнің
Көктегені даланың, сарғайғаны.
Қайран біздің өмірдің балқаймағы! (2,147).
2 . Түсі анық болмай бұлдырап көріну, қараңдау .
Қарайғанды кілт жібермей аңғаратын алыстан;
Қанық бізге жалғыз ғана қиыр шет пен алыс маң.
Көсем берген бұл қасиет бізбен бірге қабысқан (5,50).