lat: QARAI /88/
шыл. 1 . Барыс жалғаулы есімдермен тіркесіп келіп, бағыт-бағдарлы білдіретін көмекші сөз .
Жүгірмей, желмей, жортпай, жорғаламай,
Өрмелеп шығып келем жонға қарай.
Қыран болсам, қонбас па ем шыңға барып,
Дариға-ай, қанатымның болмағаны-ай! (1,304).
Сен оның сорына орай,
Белгісіз бағытқа қарай ,
Жар тауып кеттің бе, қалай?
Бақытты болғайсың, байғұс,
Істеген ісіңе жарай (3,85).
2 . Үстеулермен тіркесіп келіп, қимылдың бағытын білдіретін көмекші сөз .
Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей кідіреді.
Өзеніне асыққан өмір-бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді (2,72).
Кейін қарай ысырылмай, кесектеліп қалғаны
– Мұрын болып көтерілді оймышталып жан-жағы,
Басқа еттерін басы артық, екі ерінге арнады (5,121).