lat: QARAPAIYM /36/
сын. 1 . Барды-бар, жоқты-жоқ дейтін, қулық-сұмдығы, жасандылығы, мақтаны жоқ (адам).
Жат жерді жастанғанда жазатайым,
Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.
Қасиетіңнен қара өлең, айналайын,
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым (2,123).
Ал Маруся болса, ол қу қыз, біздің осынау жағдайымызды сезіп, қалайда бізді ыңғайсыздандырмайын дегендей, ол өзін барынша қарапайым , барынша кішіпейіл ұстауға тырысады (4,125).
2 . Айтуға оңай, түсінуге жеңіл (әңгіме, жыр т.б.).
Мен – таулықпын,
Қыранның балапаны.
Маған дағы тауымның таңы атады.
Қарапайым қалтқысыз жырларымды
Қажетіне өз халқым жаратады (3,7).
Философиялық, інішек, қарапайым да терең, түсінікті болса – философия (4,216).