ҚАРАСУ

lat: QARASÝ

зат. Жер астынан шығып, жайлап қана ағатын жазық жердегі су .

Қарасу бойы талдарға,

Сайрауық құстар қонғанда,

Құбылтып әнге салғанда,

Тұп-тұнық мөлдір бастаудан,

Сусының әбден қанғанда (3,91).

Олар қалың құрақты қарасуды сағалай келіп, түбектің шабындығын жусатып жатқан шалғышыларға соқты (4,186).