lat: QARASHA
зат. Күздің соңғы (үшінші) айы .
Қарашаның қалықтап желіменен,
Қаздер кетті қоштасып көліменен,
Қайтқан құстың қария қанатына
Қарайды көзін сүртіп жеңіменен (1,179).
Жаздағыдай гүлдер жоқ қауыз жарған.
Қараша тұр. Шілде мен тамыз қалған.
Дуадақтар бұл маңмен қош айтысып,
Көтеріліп барады аңыздардан (3,188).