ҚАРАША

lat: QARASHA

сын. Қара қоңыр түсті (үй).

Осыншама ақылды кімнен, балам, үйрендің?

Ішіндегі шалдардан анау қараша үйлердің.

Бірін төре, бірін би етсем деген ойым бар,

Бабам қолдап бір кезде маған билік тиген күн (2,106).

Құмда отырған қойшының қараша үйін,

Қайсыбір сарайлардан кем көрмеп ем.

Жетім қалған қозыға жем берген ем.

Жетіліп, жетісіп ем сендерменен,

Кешір менің жанымды емделмеген! (3,40).