lat: QARASHYQ
зат. Көздің қарасы.
Жүрегім бол деп сені зорламаймын,
Мәңгілік тұтқында ұстап қорламаймын.
Қарашығым бол дағы дамылдағын,
Қашан да жанарымнан табыл, жаным (2,96).
Асығады неге өзен аласұрып?
Неге қыран самғайды, Ана сырғып?
Неге көңілі келіннің пәс жүреді?
Неге жүзі жабыңқы баласының?
Қас-қабағын, баққандай бала сырын,
Ана неге қадайды қарашығын ? (2,186).