ҚАРЛЫ

lat: QARLY

сын. Қары бар, қар жатқан.

Кең дала, көк өзен, армысың!

Армысың, Алатау, қарлы шың!

Осы алып кеудеңде мәңгілік,

Тыныштық сәбидей қалғысын! (2,357).

Алма бақ, асау өзен, қарлы шыңдар,

Аман-сау барлығың да бармысыңдар?!

Ұшырған өздеріңе ән-құсым бар,

Арналған өмірім бар, алғысым бар (2,271).