lat: QARSY
үст. 1. Адамның беті қараған жақ, бет алды.
Олар кезеңге енді шыға бергенде, аттарын ақ қырау басқан түлкі тымақты үш адам қарсы тұр екен (4,197).
Күреңіткен қапаспенен олар және ығысып,
Қарсыдағы нүктеге кеп екі жақтан тұрысып,
Ұмтылады қайтадан, баяғыдай ұрысып (5,34).
2. Бетпе-бет, жүзбе-жүз, тура.
Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,
Әр кеудеде бір шер барын білем мен.
Қан майданда ерлік етсе біреулер,
Қарсы жауға біз де шықтық түренмен (1,215).
– Қақың жоқ сенің демалуға да соқпауға,
Қарсы барамыз оқтарға, әлі отттарға.
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге,
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға! (3,247).
3. Бір нәрсеге (ағынға) қарама-қарсы жүргендікті білдіреді.
Қайрат қыл қуатыңның бар шағында,
Қайығыңды кері бұр, қарсы ағынға!
Күнге қақтап төсінде жатып апсың,
Мұның қалай, бәтір-ау, шаршадың ба? (1,177).
(Қалқиып, қарауылдап тұрамын ба?)
Мен дағы қарсы жүздім бұл ағынға.
Толқыннан кеудемді алып, айғай салдым:
– О, Мұха! Сұрағым бар! Сұрағым бар! (2,208).
4. Бір нәрсені (ауруды) жоюға бағытталғандықты білдіреді.
Шешекке қарсы алдын ала емдеу, дәрі егу – әрі қарай бітіп жатыр (4,180).
Бәріне де шешекке қарсы ем жасалды (4,182).
5. Бір нәрсеге қарсы болғандықты, наразылықты, келіспеушілікті, жақтамағандықты білдіреді.
Соғыспаймыз. Соғысқа қарсылармыз,
Тыныштыққа жаралған жаршылармыз.
Бір кезде сел боп аққан қызыл қаннан
Өмір үшін қалған бір тамшылармыз (1,289).
Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы (1,84).