зат. Ердің отырған адамға таяныш болатын алдыңғы және артқы басы.
Бадана көзі бал-бұлдап,
Булығып тұрды жасына.
Мойыны босап салбырап,
Қарайды ердің қасына (2,313).
(Сонадайда баратса қашып аты,)
Арқасына алтын ер қасы батып,
Тыпырлаған байғұсты, сақа жасап,
Шиырып кеп жіберсем асық атып (3,271).