lat: QASHAN /58/
есім. 1 . Бір нәрсенің уақытын (мезгілін) білу үшін қолданылатын сұрау есімдігі .
Айтылған жоқ өмірге ғашық әнім,
Қашан айтам, қашан мен басыламын?!
Айта алмай қалам ба деп ашынамын.
О, Муза! Мен бір жаққа асығамын (3,134).
Осылай деп ойламаған басында,
Мәз болыппын біреу шашқан шашуға.
Қашан көрем көрмегенді жасымда?!
Өмір деген осы екен-ау, расында (3,254).
2 . -Ша/-ше тұлғалы үстеу сөздердің алдында тұрып, «соған дейін» д.м.-да қолданылады .
Жазайын, жалықпаймын, жасырмайын,
Қашан қалғып кеткенше басылмаймын.
Ая деп ажалға мен бас ұрмаймын,
Шоқ шайнап, от бүріккен Қасымдайын! (3,72).
Тағдырын бер, тағдырын құралайдың,
Қашан атып алғанша құламаймын.
Сусындатып тұп-тұнық тау бұлағы,
Жанарымда жайнаған тұнады айдын (3,106).
3 . -Ғалы/гелі тұлғалы сөздердің соңында тұрып, «көп уақыт болды» д.м.-да қолданылады .
Тілдеспей құрып мыстары,
Әйнекке бетін тақаған.
Бірі іште, бірі тыстағы,
Тұрғалы қашан екі адам (2,236).
Бәріне жауаптымын,
Қашан менен қалғалы тағат, тыным.
Пісіп тұрған егінді бұршақ ұрса,
Айтыңдар жауапты кім?
Әрине, мен. Мен оған жауаптымын (3,231).