ҚАТЕЛІК

lat: QATELİK

зат. Ағат іс, теріс әрекет.

Бүгін де, кеше де, өткенде

Іздесең, қателік көп менде.

Қауғадай басыма барлығы

Сірә да соқпай бір өткен бе (1,92).

Эх, Саша! Жолыңды таппадың,

Аңламай тым ағат аттадың,

Қателік қан жұтқан патшаға

Қару ап, құртуға шапқаның (1,117).