ҚАТҚЫЛ

lat: QATQYL

сын. 1. Қатты, жұмсақ емес.

Жол қатқыл, күздің түні еді,

Арба да даяр, жегілді.

Жалыққан күннің бірі еді,

Уайым басқан көңілді (1,34).

2. сөйл. Қатал, қатаң.

Олар бірді-екілі өлеңдер жинағын оқушыларының қазылығына ұсынған, мінездері де өзгеше, жылы пікірге зәру, қатқыл сынға зәру Жүсіп Қыдыров, Сәбит Баймолдин, Өмірзақ Қожамұратов (4,300).