ҚАТЫС

lat: QATYS

ет. Бір істің басы-қасында болу, араласу .

Мен соғыста болғамын жоқ, қатыспадым , бармадым,

Батыр ойынын ойнайтынмын, (батыр болу арманым).

Білем бірақ, шымылдықтар түсірілмей қалғанын,

Бесік жыры болғандығын қатындардың зарлары (1,239).

Серіппесі жіптен бе, қайыстан ба?

Қайыспайды садағы майысқанда.

Ойлап тұрдым, қанша рет қатыстың деп,

Қанды қырғын соғыс пен сайыстарға (2,162).