lat: QAZİR /68/
үст. 1. Осы кезде, осы шақта.
Қазір жайлау Жерінен май тамып тұр.
Төгілердей мөлтілдеп шайқалып тұр.
Кәне, досым, екеуміз қиялменен
Шалкөдені аралап қайталық бір (1,271).
Қайран ағай. Қазір қайда екен? (4,110).
2. Дәл осы уақытта, міне.
Түн самалы азынап,
Сергітіп мені оятар.
Шыда, шыда азырақ!
Жарқ етіп қазір таң атар! (1,34).
Қазір түн.
Сыртта нөсер.
Сәуір айы.
Көктеген әлдеқашан кәрі қайың.
Сәлден кейін тағы да таң атады,
Тағы да...Сары уайым...
Сары уайым (2,169).
3. Тез, дереу.
«Кет қазір! Оңбай кетейін, өлтірем!» – деп тістенді ол. Манас кетті (4,172). Бірде ана көкке жайып алақанын: Қазір, ботам.
Мінеки, таң атады.
Қазір, ботам, аққуменен ұшықтаймын.
Жазыласың, құлыным, балапаным! (2,180).