ҚАЗ

lat: QAZ

зат. Сулы жерді ұнататын, мойны ұзын, жабайы және үй құсы.

Қаздар қайтып барады тізбектеліп,

Іздеп кетті көктемді, іздеп келіп (1,180).

Тамаша еді жазғы орман:

Тамашалап мәз болғам,

Қайран Қарасазым-ай!

Үйрек ұшып, қаз қонған! (3,252).