lat: QAZ
ет. 1. Жерді бір нәрсемен ою, қопару, шұңқырлау.
Қызылқұмның қойнында қазына бар,
Кісі болса, болғаны қазып алар.
Шертілмеген осында шежіре бар,
Тек иесі табылсын жазып алар! (2,351).
Не сұмдық! Сенбейін бе?!
Сенсем бе екен?!
Көнген бас қой және бір көнсем бе екен?!
Немесе, Өз көрімді өзім қазып, Жасырынып сол көрде өлсем бе екен?! (3,89).
2. ауыс. Өткен-кеткенді, арғы-бергіні қазбалау, тәптіштеп айтып беру.
Аңыз ғып айтар, мүмкін, қылығымды,
Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
«Жақсы көрген, – дер, мүмкін, – жылынуды»,
Әйтеуір, қазбас былық-шылығымды (3,212).