ҚАЗЫ

lat: QAZY

зат. Жылқының майлы қабырғасын етімен қосып тұздап, ішекке тығып жасаған ұлттық тағам.

Қымыз іш, қазыдан ал, тартынбағын,

Тауға жүр, өзенге түс, салқындағын,

Өзіңнің өзбек бабаң секілденген

Ұмытпа қазақ деген халқың барын (2,64).

Суық күзде сойылған жылқының сары қазысы ішегіне сыймай ақтарылып жатыр (4,131).