ҚАЗЫНА

lat: QAZYNA

зат. 1. Дүние-мүлік, алтын-күміс, материалдық байлық.

Жолатпа, санаңнан жат сана,

Халықтар, сенбеңдер патшаға!

Сенбеңдер, қазынасын ақтарып,

Алтыннан таратып жатса да! (1,117).

Қазынаға қазына қосып, қайта алған,

Қазынаға ие жандайын бір майталман,

Өзіңе өзің қуанасың келгенде,

Он есе ғып заңды түсім қайтарған (4,9).

2. Жер қойнауында жатқан қазба байлық; кен, руда. Қазына жерді қақ жарып,

Қойнынан алдың асылын.

Қалт етпей саған таңғалып,

Қарап тұр осынау ғасырым (2,279).

Мекеніміз тау мен тас, құмда, шөлде,

Табамыз деп қалайда су ма, кен бе.

Кең Отанның көсілген кеудесінен

Мол қазына іздейміз туған елге (2,340).