ҚАЗЫҚ

lat: QAZYQ

зат. 1. Бір нәрсе байлау үшін жерге қағып қоятын ұшы үшкір кішірек иелген ағаш я темір.

Суаттың жағасына апарып біреу ат арқандауға қазық қағып жатыр (4,178). Анау итере беріп, қазықтарды суырып алды да, өрмекті жұмарлап лақтырып жіберді (4,168).

2. ауыс. Туған жер, өскен ел д.м.

Апырмай, Туған жер-ай!

Теңдесер кім,

Бұл жерге сен болмасаң, келмес едім.

Кіндігімді байлаған қазығым- ай,

Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім (2,82).