ҚОЙМА

lat: QOIMA

зат. 1. Астық, өндіріс өнімдерін сақтауға арналған орын.

Сыр да асығып барады Аралына,

Сортаңдаған жиегі ала-құла.

Диқандардың көресің шат жүрісін,

Аттандырған қоймаға ақ күрішін (3,194).

2. Бір нәрсенің өте көп сақталған жері; қор.

Кең қоймасын ашқанда Қаныш бала

Мына осы қартыңа табыстаған.

Жездіден Алматыға көшпек түгіл,

Пенсионер дегенге намыстанам! (2,297).