ҚОЙНАУ

lat: QOINAÝ

зат. Биік жерлермен (тау, қырат т.б.) қоршалған жазық алқап.

Боран. Боран. Ақ боран. ой да, қыр да,

Бар қаһарын төгуде қойлы ауылға.

Бұққан қоян секілді қыстау жатыр,

Бұғып алып таудың бір қойнауына (2,195).

Отар жатыр қойнауда, ықтасында,

(ығыр көрсе, бораннан бұқпасын ба?)

Қарауылдап шопан тұр аттан түспей,

Аяз қарып, кірпігін шық басуда (2,195).