Мұхаммедтің алғашқы халифаларының ұрпағы, ертеде қазақ т. б. халық арасында мұсылман дінін таратып, уағыздаушы. Ислам тарихы туралы шежіре деректеріне қарағанда, қожалардың арғы атасы Аюби Яминнен басталады. Мұхаммедтің туысы Әлидің баласы Хұсайыннан өрбіген қожаларды —"саид қожалар" деп атайды. Олардың азғана тобы Мекке, Мединені, ал бір тобы Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген. Қазақтар арасында қожалар Шәмші Ахмед және Шейх Бұзырық деген екі үлкен тармаққа бөлінеді. Шейхы Бұзырықтан: Қожа Ахмед Яссауи, Арыстанбап, ал Шөмші Ахмедтен: Қорасан Қожа, Қырық-садақ, Диуана Қожа, Бақсайыс, Ақ Қожа, Жүсіп Қожа, Сейіт Қожа, Түрікпен Қожа, Қылышты Қожа тарайды. Төуке ханның "Жеті жарғы" заңында төрелер мен қожалар бір топқа жатқызылып, оларға “қара" халықтан гөрі жеті есе артық құн белгіленген. Қожалар ислам дінін таратушы әрі уағыздаушы болды. Қожалар халықтың діни сауатын ашуға үлкен үлес қосты.