ҚОЛА

lat: QOLA

зат. 1. Мысқа басқа бір элементті қосып, қорытудан алынған металл. Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмаймын. Сол аман ба?! О, тәңірім! Неткен жан қайырылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?! (1,211). //Қоладан жасалған. Қарадым сенің қола мүсініңе, Қоланы да болады түсінуге. Мені тәңірім жаратқан табынуға, Сенің мәңгі қақың жоқ кішіруге (2,361). 2. Ауыс. Мықтылығы жағынан шойынға қарағанда нашарлау д.м. Мен түн болсам, сен таң болдың жаңа атқан, Мені қола, сені шойын жаратқан. Мен ашу да, сен ақылсың нәрі аққан, Сен Адамсың, мен аждаһа зәр атқан (3,87).