ҚОЛТАҢБА

lat: QOLTAŃBA

зат. 1 . Біреудің өз қолымен жазған жазуы.

Әлде мына өмірде біздерменен бір жүрсің,

Әлде кеше майданда мерт болдың ба, кім білсін?!

Әлде сенің және бір қолтаңбаң мен ерлігің,

Жазулы ма, кім білсін, іргесінде Берлиннің?! (3,22).

2 . ауыс. Біреудің стильдік ерекшелігі, өзіндік өрнегі.

Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,

Тарихы оның біздерменен ашылды.

Біздің мына қолтаңбамыз басулы.

Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды! (2,213).