lat: QOZǴAL
ет. 1. Қыбырлау, қимылдау.
Болар-болмас желбіреп боз жалауы,
Шың басында бір нүкте қозғалады.
Талма түсте талаурап өртенген Күн
Сексеуілдің шоғындай қозданады (1,195).
Көш келеді боздатып боз даланы,
Көз ұшында боз сағым қозғалады.
Әлдекімнің естілсе созған әні,
Әлдекімдер аңырап жоқтау айтса,
Әр кеудеде бір шемен қозданады,
Әр қазақтың естіліп боздағаны (2,100).
2. Ілгері қарай жылжу, орнын өзгерту.
Жырта-жырта түтіліп, тозған аңыз,
(Күш шамалы, тыңға қол созбағамыз...)
Өшпесін деп әкелер салған ізі,
Әйтеуір, қозғаламыз, қозғаламыз (1,261).
Оның туындыларының түрі де, арқалаған жүгі де ауыр, өзі де ауыр қозғалады (4,306).