Қабағы ашық.

lat: Qabaǵy ashyq.

Ақжарқын, жайдары. Қабағы ашық, жүзі жарқын, дүниесіне разы еді, нағып өзгеріп қалған (І.Жансүгіров, Әңгім.).

Көңілдің кілті жатыр ықыласта,

Ашық қабақ, сусын мен адал аста.

Әркім қалай ойлайды, өзі білсін,

Соны біреу ойлатты-ау бізден басқа (Қ.Аманжолов, Шығ. жин.).

Қара шаш, аққұбаша, ашық қабақ,

Жүзіне келешектің көзін кадап.

Қиялдың құшағында отырғандай,

Суреттен қазақ қызы тұрды қарап (Ж.Молдағалиев, Поэм.).