Қатып қалды

lat: Qatyp qaldy

а) Қатты күйге енді, қатайды.

Алыстай бердің, алыстай бердің, арманым,

Адасқан сенен, асулар тұрған алда мың.

Заулатып өткен, шаңдатып өткен жолыңда,

Гүл болып өсіп, қурай боп қатып қалғамын (1,303).

Жаралған жан емеспін басы бөтен,

Туған жер, топырағыңды басып өтем.

Кеудемде қатып қалған бірдеңе бар,

Кім білсін, туған жердің тасы ма екен?! (1,277).

ә) Орнынан қозғалмай тұрып қалды.

«Қош, махаббат» әнін Ришат Абдуллин қоңырлатып барады. Үшеуі үш жерде қатып қалған (4,242).

«Мықтап жармас!» деді ұстаз, мен де қатып қалыппын,

Қалжыраған адамдай әзер демін алып тұр,

Құтқаратын жол осы құрдымынан тамұқтың (5,163).